9 класта А. Русланқызы «Тригонометрия формулалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта оқушылардың қызығушылығын, шапшаңдығын арттыратын бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылды. Тәжірибе алмасу мақсатында басқа пән мұғалімдері сабаққа қатысты.
ІІ ауысымда Камила Жангелдиевнаның ұйымдастыруымен 9-11 класс оқушыларына арналған «Миллион кімге бұйырады?» интллектуалды шоу өткізілді. Шоуда математикалық сұрақтар қойылды. Іріктеуден үш оқушы шықты, олар 10 клас оқушылары Жабагин Б., Азиева А., 11 класс оқушысы Изтайева Аружан. Барлық сұрақтарға жауап беріп 10 класс оқушысы Жабагин Б миллионға ие болды. Қалған екі оқушы, қатысқаны үшін сыйлықтарға ие болды. Шоу жоғары деңгейде өткізілді: музыкамен әрленіп, сұрақтар АКТ да дайындалған. Барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді.
https://sarat-aitekebi.edu.kz/kz/%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%81/11238-%D1%82%D1%80%D0%B8%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%8F-%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D1%83%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B.html#sigFreeId57caaddf73