20 Желт 2020
Страницы "Сарат жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп туралы

Қайдақова Жанар Бекболатқызы

Қабылдау кестесі:

Жұмыс телефонның нөмері: 87135972655

Қысқаша өмірбаяны:

Қайдақова Ж.Б. 18.06.1980 жылы, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сарат ауылында туылған.

Білімі-жоғары. 2001 жылы Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген

2001 ж. - Сарат ЖОББ мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2009 ж. - Сарат ЖОББ мектебінің мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары

2014ж.- Сарат ЖОББмектебінің директоры.

Марапатталуы:

  • 2004 ж. «Облыстың ең үздік мұғалімі» облыс әкімінің 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге гранты иеленген сертификат
  • 2007ж Ақтөбе облысының білім департаментінің директоры  Қ. Алдиярова  «Алғыс хаты»
  • 2012ж Облыстық тілдер дамыту басқармасының бастығы Т. Төлебаев «Алғыс хаты»
  • 2015ж Әйтеке би ауданы Әкімі А. Бердалиннің «Алғыс хаты»
  • 2018ж «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Исмагамбетова «Құрмет грамотасы»
  • 2019ж «Нұр Отан» партия төрағасының бірінше орынбасарынан Б.Байбек «Құрмет грамотасы»
  • 2020ж Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Алғыс хат
  • 2020ж «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы О.Оразалиннен Алғыс хат

 

Мұғалімдер саны -28

Оқушылардың саны-72

Асхананың болуы: бар

 

 

 

Мектептің бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы:

  • Педагогикалық құрамның жоғары кәсіби деңгейі:
  • Тәрбие жүйесінің қалыптасқан жүйелігі:
  • Қосымша білім берудің көп жоспарлы жүйесі:
  • Оқуда ұиналатын оқушыларға көмек, демеу беру:
  • Оқушылардың пән олимпиадалар мен сайыстарда белсене қатысуы
  • Мұғалім мен оқушлардың жаңкшыл, сараптау, зерттеу жұмыстарына қатысуы

Мектеп тарихы

Мектеп үйі 1976 жылы салынған. Қабырғасы ағаш шытыдан жасалған. Сырты ақ кірпіштен қаланған. Мектептің салынып бітіуіне байланысты Сарат сегіз жылдық мектебі, Сарат орта мектебі болып 1976 жылы қайта құрылды. Мектептің алғашқы директоры болып қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Амангельдин Бақыткерей, одан кейін Қайыров Тасболат тағайындалып мектепті 25-жыл басқарды. Мектепке ең алғашқы директоры мұғалімдері болып Туралин А, Төрезақов С, Әділов А жұмысқа алынды. Сарат орта мектебінің алғашқы түлектері болып 1976/77-оқу жылы тоғыз оқушы бітірді. Міне содан бері отыз бес жыл ішінде төрт жүзден астам түлектерін өмірге аттандырып отыр. Мектебімізде қазір 30 оқытушы жұмыс жасайды және бәрінің де педагогикалық арнаулы орта және жоғары білімдері бар мамандар. Қайыров Тасболат пен Туралин Алпысбай білім және ғылым министрлігінің «Оқу ісінің үздігі» белгісімен мараптталғандар. Аудандық оқу бөлімінің даярлаған «Т. Жүргенов атындағы сыйлығымен» 1993 жылы, мектебіміз жемісті еңбегі үшін жеңіп алып, жеңімпаз атанды.
   1991 жылы мектебімізде алғаш рет орта мектепті алтын медальмен Қисықова Нұргүл  бітірді және Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін қызыл дипломмен бітірді. Мектебіміздің түлектері ішінде алғаш болып физика-математика ғылымдарының кандидаты деген, ғылыми атақ қорғады. Қазір мектебіміздің түлектері Қазақстанның барлық түпкірлерінде түрліше мамандықпен жұмыс жасап, еліне қызмет етуде.

Мектептің бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы:

  • Педагогикалық құрамның жоғары кәсіби деңгейі:
  • Тәрбие жүйесінің қалыптасқан жүйелігі:
  • Қосымша білім берудің көп жоспарлы жүйесі:
  • Оқуда ұиналатын оқушыларға көмек, демеу беру:
  • Оқушылардың пән олимпиадалар мен сайыстарда белсене қатысуы
  • Мұғалім мен оқушлардың жаңашыл, сараптау, зерттеу жұмыстарына қатысуы

Мектептің марапаты:

  • 2007ж Аудан әкімі Е.Есенбаев Алғыс хат
  • 2008 ж ҰБТ-да жоғары көрсеткіші үшін облыстың үздік  он мектебі қатарына енуі
  • 2010ж Аудан әкімі Е.Есенбаев Алғыс хат «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі»
  • 2012ж Аудан әкімі А.Бердалин Диплом «Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, туған ел!» ІІ-орын
  • 2015ж Ақтөбе облысының кәсіподақ төрағасы  Т. Айжариков Диплом  за лучшую организацию летнего отдыха детей и подростков в 2015 году
  • 2018ж Аудандық білім бөлімінен Грамот «Рухани жаңғыру-ұлт болашағы» ІІ-орын
  • 2018ж екі «Алтын белгі» және бір «Үздік» куәлікке иеленіп, ҰБТ-да жоғары көрсеткіш 105,5 орташа балл
Жаңалыктар