Сарат жалпы орта білім беретін мектебінде 21 ақпан мен 25 ақпан аралығында «Математика – ақыл – ойдың әуені» атты математика пәні апталығы өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты: мектеп оқушыларының математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту және мектептегі әріптестермен тәжірибе алмау. Апталықты математика пәнінің мұғалімдері С. Кожагулова, А. Нұртаева және К. Тулепова ұйымдастырды.
Апталық жоспары бір аптаға құрылып мектеп директорына бекітілді. Жоспарға сәйкес 21 ақпан күні І ауысымның 10 минуттық үзілісінде «Математика – ақыл-ойдың әуені» атты апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Аталған шараға 5-11 класс оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Апталықтың ашылуында 5-7 класс оқушылары сандар мен фигураларды сөйлете отырып, көрініс қойды. Ашылу салтанатын математика пәні мұғалімі К. Тулепова жүргізіп, көрермендерге қызықты векториналық сұрақтар қойып, апталықтың жоспарымен таныстырды.
https://sarat-aitekebi.edu.kz/kz/%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%81/11232-%C2%AB%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0-%E2%80%93-%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D0%BB-%E2%80%93-%D0%BE%D0%B9%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D3%99%D1%83%D0%B5%D0%BD%D1%96%C2%BB.html#sigFreeId9a25d2ae02